2018 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің делегациясы Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. ҰҚУ басшысы, әскери ғылымдардың кандидаты, генерал-майор Асхат Рысбаев бастаған делегация құрамына ҚР ҚК Бас штабы Академиясының басшысы, генерал-майор Дамир Халиков, ҰҚУ Ұлттық гвардиясы факультетінің басшысы, генерал-майор Жұмабек Ахметов, ҚР Қорғаныс министрлігі Кадрлар және әскери білім департаментінің басшысы, полковник Қайрат Көпбаев, ҰҚУ басшысының бірінші орынбасары, полковник Амангелді Тоғысов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі факультетінің басшысы, полковник Назым Мұздыбаев кірді. Офицерлер Елбасы кітапханасында ұсынылған тұрақты, тақырыптық көрмелерге жоғары баға берді. Экскурсия соңында Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы А.Н. Рысбаев пікірлер кітабында ыстық лебізін білдірді. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы бізге терең, ұмытылмас әсер қалдырды. Қазақстанның тарихын кеңінен зерделеп, тәуелсіз мемлекетті өркендету жолындағы Президентіміздің ерең еңбегін сараладық. Кеудемізді Елбасымызға деген мақтаныш пен адалдық сезімі керней түсті. Осы тұста жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беру ісіне қосып жатқан үлестеріңіздің зор екенін айта кеткен жөн», - деп жазды ол.

Теги других блогов: Қазақстан Елбасы ҰҚУ