– Екі күндік семинар-тренинг бәріміздің көңілімізден шықты. Дәрістер барысында тәжірибе мен жаңа білімге ұмтылудың, бәсекеге қабілетті болудың қашан да биік сұранысқа ие болатынын ұғындық. Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлерімен елдегі өзекті мәселелер мен оларды шешу амалдарын талқыладық. Озық отыз мемлекеттің қатарына кіру үшін атқарылуы тиіс міндеттер де ортаға салынды. Ал іс-шараның тренингтік бөлімінде достар қатары толығып, топта жұмыс істеу қабілетіміз шыңдалды. Қысқа уақыт ішінде орындауға берілген тапсырмалар ойлау жылдамдығын дамытып қана қоймай, көпшілік алдында сөйлеу, ойды қорғау, топ рухын көтеру сияқты қасиеттерімізді жаңа деңгейге көтерді. Осының бәрін бізге жаңа қырдан көрсете білген Елбасы кітапханасының қызметкерлеріне көп рахмет, - деп Басқару колледжінің 2 курс студенті Әнел Қажымұрат лебізін білдірді.
Іс-шара аясында студенттер Елбасының жасампаздық идеялары мен жаһандық бастамаларымен кеңінен танысты. Олардың назарына Елбасы кітапханасының көрме экспозициялары, атап айтқанда, тарихи жәдігерлері мен құнды деректері, архивтің бейне, фото, аудио құжаттары ұсынылды.