е № 61 «Шолпан» балабақшасында «Жәдігерлер сөйлейді...» топтамасынан «Менің шежірем – елімнің шежіресінің бөлшегі. «Б» әрпі» көшпелі музей сабағы өтті. Шара «Музей және балалар» (Бүлдіршіндерге арналған әліппе-жолкөрсеткіш) жобасы аясында жүргізілді. Отан қорғаушылар күніне арналған сабақ тартымды топтық жұмыс түрінде өткізілді. Балалар «Б» әрпімен және батырлық институтымен танысты. Музей сабағы барысында ғылыми қызметкер Саягүл Жақыпова қазақтың дәстүрлі соғыс қаруының түрлері – «бес қаруға» тыңдаушылардың ерекше назарын аударды. Сабақта ақсақалдардың батырды көзсіз ерлікке жұмылдыратын бата беру салты сахналанды. Балалар топтық жұмыста ойын тапсырмалары арқылы «Б» әрпімен таныстықтарын бекітіп, батырлық институты мен қазақ жауынгерлерінің әскери жабдықтары туралы көптеген қызықты мәліметтерге қанық болды. Балалар Отан қорғаушылар туралы қызықты әңгіме барысында Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуы мен қалыптасуындағы Жоғары Бас қолбасшы – Мемлекет басшысының рөлімен, Елбасының атақты атасы – Қарасай батырдың өмірбаянымен танысты. Шара балалардың зор қызығушылығын тудырып, ерекше сезім мен әсерге бөледі. Балабақша әдіскері ұйымдастыру жұмыстарының әсерлі болғанын, инновациялық әдіс-тәсілдерді, атап айтсақ, мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырудағы дәстүрлі емес тәсілдердің қолданылғанын айтты.

Теги других блогов: музей балалар қазақ дәстүрі