С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 2 курс студенті Гүлайым Абдували (aabduvali_) әлеуметтік желіде екі күндік семинар-тренингтен алған әсерімен бөлісті:
- Бізге тарихы терең, тұғырлы тəуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаған Елбасының кітапxанасында болу бақыты бұйырды. Бұл мүмкіндіктің біз үшін үлкен абырой, зор мәртебе екені рас. Себебі, Абайдың асыл мұралары мен Шəкəрімнің қанатты сөздері, Мұхтардың мағыналы əңгімелері мен Мағжанның мазмұнды жырларымен сусындап өскен жастардың жалыны жасампаздық пен жаңашылдыққа құмартып тұрады. Осы тұста кемел елдің кемеңгер жастарын тəрбиелеуге Кітапxананың қосып жатқан үлесін атап өтпеске болмайды. Семинар-тренинг дәрістері Елбасының бағдарламалық мақаласын, оның мән-мағынасын кестелеп түсіндіреді. Ал тренингтер алған ақпаратты сіңіруге көмектесіп, парасатты пікір білдіруге, топпен жұмыс жасауға, ойды еркін жеткізуге үйретті.
Кітапхананың арқасында кейінгі буын мəдени əрі тұлғалық қасиеттерді дұрыс қалыптастырып, төл əдебиет саңлақтарының салмақты сөздерін санаға сіңірді. Сондықтан, ғұмыр құмырамызға қуаныш құйып, тәжірибе жинатып жатқан елордаға, Елбасы кітапханасына алғысымыз шексіз!